Сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаға қамқорлық – Hyundai Motor компаниясының негізгі құндылықтары. Бұл құндылықтар Қазақстандағы ресми дистрибьютор – Hyundai Auto Kazakhstan мен біздің жұмысқа деген көзқарасымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Мұндай құндылықтар бізді клиенттерге, серіктестерге және жалпы қоғамға деген көзқарасымызды жетілдіруге итермелейді.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Hyundai компаниясының қол жеткізген табысы клиенттердің мүддесі үшін үнемі енгізілетін жаңалықтардың өзектілігінің көрінісі болып табылады. Біздің басты құндылығымыз – тұтынушының қанағаттануы. Hyundai Motor компаниясының негізгі миссиясы осы – жай ғана сату емес, клиенттерге жаңа технологияларды, стиль мен сәнділікті, жоғары қызмет пен жайлылықты біріктіретін өнімдерді иеленуден рахат алу; және компанияның беделі.
Клиенттердің қанағаттану деңгейінің артуы және сатылымның тұрақты өсуі Hyundai Motor компаниясының нарықтағы үлесін арттыруға қабілеттілігін айқын көрсетеді.
Басқару философиясы Ерекше ойлау және үнемі дамып келе жатқан жаңа шекаралардың көмегімен болашақты құру арқылы адамзаттың арманын жүзеге асыру. Басты қағидаттары Клиент – Уақыт талабы – Ынтымақтастық – Адамдар – Жаһандық Пайым Тұрақты автомобиль серіктесі және одан тыс Марка және Дизайн Modern Premium (Заманауи премиум) Hyundai брендтік бағыты. Modern Premium – бұл сауда маркасының бейнесі, біз сатып алушылардың көпшілігін жаңа әсерлермен және артықшылықтармен қамтамасыз етуге-Hyundai-дің жеке шығармашылық тәсілдерін қолдана отырып, олардың үміттерінен асып түсуге тырысамыз. Жаңа ойлау. Жаңа мүмкіндіктер. Hyundai маркасының ұраны. Hyundai-дың ойлауының жаңа тәсілі көп адамға жоғары сапалы өнім беру. Біз жаңа идеяларды үздіксіз іздеу арқылы адамдар мен планетамыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасаймыз. Аққыш мүсін Hyundai дизайн принциптері. «Аққыш» термині табиғатпен рухтандырылған және бірге өмір сүретін автомобиль дизайнын дамытуды білдірсе, «мүсін» термині егжей-тегжейлі мүсіндік модельдеу процесі арқылы көркемдік құндылықты құруды білдіреді.